Дзюдодан Азия чемпионаты: үш қазақстандық балуан қола медаль үшін бақ сынайды

Дзюдодан Азия чемпионаты: үш қазақстандық балуан қола медаль үшін бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2025 12:42 Сурет: International judo federation
Таиландтың Бангкок қаласында дзюдодан Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалға дейінгі кезеңдердің қорытындысы бойынша ақтық сынға Қазақстан құрамасының үш балуаны өтті.

Максим Мейірлан (90 келіге дейін) және дәл осы салмақ дәрежесінде Ермахан Әнуарбеков жұбаныш белдесулерінде жеңіске жетіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Әйелдер арасында Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары) қола жүлде үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, финалдық бәсекелер сағат 14:00-де басталады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: