Аммандағы Азия чемпионаты: үш қазақстандық балуан қола медаль үшін бақ сынайды

Аммандағы Азия чемпионаты: үш қазақстандық балуан қола медаль үшін бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2025 17:57 Сурет:СДД
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Начын Куулар (70 келі) мен Дәулет Ергеш (79 келі) Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Начын өзбекстандық Бегижон Кулдашевтен басым түсті. Қола медаль үшін ол жапондық Ёшиносуке Аоягимен белдеседі.

Ал Ергеш түрікменстандық Какымират Ашировты жеңіп, келесі айналымда тәжікстандық Магомет Евлоевпен кездеседі.

Сонымен қатар жартылай финалда жеңіліс тапқан Рахат Қалжан (57 келі) да қола медаль үшін күреседі.

Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақта финалға жолдама алды.

Финалдық белдесулер Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: