Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына жолдама алды

Сурет: WTA
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 96-орында тұрған чехиялық, 18 жастағы Тереза Валентовамен өткізді.

Бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басымдылық танытты. Тартысты өрбіген екінші сетті Елена жеңіспен түйіндеді – 7:6 (9:7). Бір сағат 41 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 4 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ чемпионы, 22 жастағы ұлыбританиялық Эмма Радуканумен ойнайды.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 24-орын) US Open-2025 турнирін сәтті бастағанын жазған едік.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді