АҚШ ашық чемпионаты: Бублик US Open чемпионын жеңді
Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 24-орын) US Open-2025 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бублик бірінші айналымда 2014 жылы АҚШ ашық чемпионатында жеңіске жеткен хорватиялық Марин Чиличпен (62-орын) кездесті.
Қазақстандық спортшы қарсыласын үш сетте айқын басымдықпен ұтып, турнирдің екінші кезеңіне өтті. Есеп – 6:4, 6:1, 6:4.
Александрдың келесі қарсыласы Лоренцо Сонего (Италия, 46-орын) мен Тристан Скулкейт (Аустралия, 96-орын) арасындағы матчтың жеңімпазы болады.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева US Open турнирін жеңіспен бастағанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript