Александр Бублик US Open турнирінің алғашқы айналымында жеңілді

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2023 23:09 Сурет: чемпионат.com
Қазақстандық теннисші Александр Бублик US Open турнирінің алғашқы айналымында жеңілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракетасы Александр Бублик дүниежүзілік рейтингіде 81-орында тұрған аустриялық, 2020 жылғы US Open чемпионы Доминик Тиммен ойнады.

Қазақстандық теннисші қарсыласынан үш сетте 3:6, 2:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Александр Бублик матч кезінде 17 қос қате жасап, 6 эйсті орындады. Ол 4 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Осылайша, қазақстандық теннисші биылғы "Үлкен дулыға" санатындағы соңғы турнир - US Open-нің жекелей сындағы ойынын алғашқы раундта аяқтады.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның тағы бір үздік теннисшісі Елена Рыбакина әлемнің 39-ракеткасы, украиналық, 21 жастағы Марта Костюкпен ойнайды. 

Бұл ойын 29 тамызға қараған түні шамамен сағат 00:15-те басталады. Оның уақыты алдағы бәсекелердің қашан бітуіне байланысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: