Михаил Кукушкин US Open турнирінің іріктеуінен сүрінді

Михаил Кукушкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2023 23:34 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин US Open турнирінің іріктеу кезеңіндегі екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Михаил Кукушкин іріктеу кезеңінің екінші айналымында франциялық теннисші Энцо Куакомен кездесті.

Қазақстандық теннисші қарсыласынан 6:7(7), 2:6 есебімен ұтылды. Михаил Кукушкин матч кезінде бір эйс орындап, үш қос қателік жасады. Осылайша, Қазақстан өкілі US Open турнирін аяқтады.

Қазақстандық тағы бір теннисші Тимофей Скатов дәл қазір турнирдің іріктеу кезеңінің екінші айналымында италиялық Рауль Бранкаччомен ойнап жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: