Михаил Кукушкин - Президент кубогының ширек финалында

Михаил Кукушкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2023 00:56 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Астанадағы Президент кубогы үшін "Челленджер" турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің 229-ракеткасы Михаил Кукушкин екінші айналымда рейтингіде 639-орында тұрған жапониялық Рента Токудамен ойнады.

Қазақстандық теннисші 6:1, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті. Ол 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 570-ракеткасы, ресейлік Евгений Карловскиймен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко ширек финалға шыға алмады. Ол өзбекстандық Хумаюн Сұлтановтан 7:6 (7:4), 0:6, 1:2 есебімен ұтылды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: