Кукушкин мен Сағандықова халықаралық турнирлердің ширек финалына шықты
Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Аружан Сағандықова халықаралық турнирлердің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Американың Тайлер қаласындағы "Челленджердің" екінші раундында Михаил Кукушкин аустралиялық Марк Полмансты 2:6, 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
1/4 финалда Михаил Кукушкин әлемнің 256-ракеткасы, жапониялық Юта Шимизумен ойнайды.
18 жастағы Аружан Сағандықова Таиландта ITF World Tennis Tour W 15 сериясының турнирінде сәтті өнер көрсетіп, екінші айналымда таиландтық Камонван Йодпетчті 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Аружанның ширек финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.
Ал Тимофей Скатов Германиядағы "Челленджердің" ширек финалына шыға алмады. Ол испаниялық Хауме Мунардың 2:6, 5:7 есебімен жеңілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript