Михаил Кукушкин Ұлыбританиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Михаил Кукушкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2024 17:05 Сурет: olympic.kz
Әлемнің 136-ракеткасы, қазақстандық Михаил Кукушкин Сурбитон (Ұлыбритания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандық спортшы екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 308-орында тұрған корт иесі Пол Джубпен ойнаған болатын.ү

Бірінші партияда ұлыбританиялық спортшы айқын басымдылық танытты – 6:1. Кейін Кукушкин камбэк жасады – 6:3, 6:2.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде Кукушкин 3 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті. Джубб 3 эйс, 3 брейкке (7 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 201-ракеткасы, тағы бір ұлыбританиялық Билли Харриспен таласады. 


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: