Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалында ұтылып қалды

Кукушкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2023 22:02 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, әлемнің 296-ракеткасы Михаил Кукушкин АҚШ-тың Тайлер қаласында өткен "Челленджер" турнирінің финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 187, осы жарыстың 3-ракеткасы, америкалық Николас Морено Де Альборанмен бас жүлде үшін кортқа шықты.

Дәл осы теннисшіні бір апта бұрын Литтл-Рок қаласындағы додада қазақстандық Бейбіт Жұқаев 6:2, 6:7 (1:7), 7:6 (7:5) есебімен ұтқан еді. 

Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Кукушкин сәттірек ойнады – 7:6 (10:8).

Екінші сетте тай-брейкте америкалық спортшы еш мүмкіндік қалдырмады – 7:6 (7:0).

Үшінші, шешуші партияда есеп 5:4 болған мезетте америкалық теннисші матчты брейкпен түйіндеді – 6:4.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: