Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы жарыстың финалында жеңіліп қалды

Бейбіт Жұқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2023 00:00 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Әлемнің 325-ракеткасы, 22 жастағы қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Литтл-Рок қаласында өткен "Челленджер" финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 311-ракеткасы, эстониялық Марк Лаялмен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партия соңында брейк жасаған эстониялық спортшы басымдылық танытты – 6:4.Екіншісінде есесіне есеп 4:4 болған мезетте Бейбіт брейк жасағанымен, ізінше сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана алмады.

Эстониялық теннисші матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 7:5.

Осылайша, Бейбіт Жұқаев спорттық жолында алғаш рет "Челленджер" турнирінің финалына дейін жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: