Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің финалында жеңіліп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2025 18:07 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Германияның Бонн қаласында өткен "Челленджер" турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүлде үшін өткен матчта ол австриялық Юрий Родионовпен (ATP рейтингінде 185-орын) кездесті. Екі сағат 14 минутқа созылған тартысты кездесу Родионовтың пайдасына 3:6, 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.

Тимофей Скатов мансабындағы үшінші кәсіби атағын жеңіп ала алмады.

Бұған дейін оның еншісінде екі "Челленджер" жүлдесі бар еді. Алғашқы рет ол 2022 жылы Италияның Парма қаласында жеңіске жеткен, кейін 2024 жылы Германияның Аугсбург қаласында топ жарған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: