Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің финалында ойнайды
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Тоди (Италия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 246-ракеткасы, монаколық Валентен Вашеромен шеберлік байқасты. Екі сетте де 6:4 есебі тіркеліп, Тимофей жеңіске жетті.
Екі сағат 13 минутқа созылған тартысты бәсекеде Скатов 3 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Тимофей Скатовтың финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шыққанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript