Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко АҚШ-тың Сумтер қаласында өтіп жатқан "Челленджер" турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай финалда ол жапондық Шинтаро Мочизукиді (ATP рейтингінде – 120) 4:6, 6:1, 6:1 есебімен жеңді.
Финалда Шевченко турнирдің үшінші нөмірлі спортшысы, италиялық Маттиа Белуччимен (ATP – 74) кездеседі.
Айта кетейік, Шевченко бұған дейін жекелей сында үш мәрте "Челленджерде" топ жарған. 2023 жылы ол Мадридте (75) және Тенерифеде (100) жеңіске жетсе, 2022 жылы Братиславада (90) чемпион атанған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript