Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, Цинцинатти турнирінің жартылай финалына шықты

Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, Цинцинатти турнирінің жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2025 23:20 Сурет: instagram.com/wta
Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалда қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы небәрі бір сағаттан сәл аса уақыт ішінде сенімді түрде жеңді – 6:1, 6:4.

Ойын барысында Елена Рыбакина 11 эйс жасап, бір ғана қос қателік жіберді және тапқан бес брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды.

Цинциннатидегі финал жолдамасы үшін Елена польшалық теннисші Ига Швентекпен таласады. Ол 1/4 финалда ресейлік Анна Калинскаяны жеңген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: