Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына жолдама алу үшін бақ сынайды

Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына жолдама алу үшін бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 17:04 Сурет: ktf.kz
Әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің төртінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

1/8 финалға жолдама алу үшін өткен матчта қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің 12-сатысында тұрған бельгиялық Элиза Мертенсті 4:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Теннисшілер кортта 2 сағат 12 минут өнер көрсетті. Кездесу барысында Рыбакина 11 эйс жасап, тоғыз қос қателікке жол берді. Сондай-ақ сегіз брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды.

Цинциннатидегі турнирдің төртінші айналымында Елена Рыбакина АҚШ өкілі, әлемнің 6-ракеткасы Мэдисон Кизбен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: