Тимофей Скатов "Челленджер" турнирінің жартылай финалында ойнайды

Тимофей Скатов, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2024 18:21 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, әлемнің 271-ракеткасы Тимофей Скатов Чехияның Острава қаласында топырақ төсенішінде өтіп жатқан "Челленджер" санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалда қазақстандық теннисші әлемнің 225-ракеткасы Зденек Колармен ойнауы керек еді, бірақ чехиялық спортшы жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты.

Жартылай финалда Тимофей германиялық Генри Сквайермен кездеседі. Ойын ертең, 27 сәуірге жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: