Тимофей Скатов Германиядағы "Челленджер" турнирінің финалына шықты
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (ATP 242) Германияның Аугсбург қаласында жүлде қоры 50 мың АҚШ доллар болатын "Челленджер" санатындағы турнирдің финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай финалда қазақстандық германиялық Даниэль Мазурды (310 ATP) 7:5, 7:5 есебімен ұтты.
Тимофей титул үшін кездесуде даниялық Элмер Мюлер мен италиялық Риккардо Бонадио арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Ойын 25 мамырға жоспарланған. Айта кетейік, бұл - ATP Challenger турниріндегі қазақстандықтың биылғы бірінші финалы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript