Тимофей Скатов Германиядағы турнирдің чемпионы атанды

Тимофей Скатов Германиядағы турнирдің чемпионы атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2024 17:02 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық, әлемнің 242-ракеткасы Тимофей Скатов Аугсбург (Германия) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген 23 жастағы қазақстандық теннисші финалда өзінен үш жас кіші, дүниежүзілік рейтингіде 293-орында тұрған даниялық Элмар Мюллермен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда даниялық спортшы 6:3 есебімен басым түсті.

Екіншісінде Скатов 5:2 есебімен алға кетті. Мюллер таразы басын теңестіргенімен, Тимофей есесін жібермеді - 7:5.

Үшінші, шешуші сетте Скатов 5:2 есебімен алға шығып, матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін мүлт жіберді. Дегенмен кездесуді тағы бір брейкпен тәмамдады - 6:3.

Осылайша, "Челленджер" жарысында үздік шыққан Тимофей Скатов ATP Live рейтингісінде 199-орынға көтеріліп, ТОП-200-ге кіріп тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: