Скатов пен Кукушкин US ​​Open турнирінің іріктеу кезеңінде ойнайды

Тимофей Скатов, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2023 23:56 Сурет: ktf.kz
US Open 2023 ұйымдастырушылары ерлер арасындағы іріктеу турнирінің жеребесін тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтардың арасынан Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин АҚШ ашық чемпионатының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.

Тимофей Скатов іріктеу кезеңінің алғашқы раундында жапониялық Кайчи Учидамен (әлемнің 240-ракеткасы) кездеседі. Ал Михаил Кукушкин итальялық Маттиа Беллуччиге (әлемнің 184-ші ракеткасы) қарсы ойнайды.

"Үлкен дулыға" санатындағы төртінші турнирдің негізгі кезеңінде қазақстандықтар арасынан жекелей сында Александр Бублик, ал жұптық сында Александр Недовесов пен Андрей Голубев қатысады.

Әйелдер арасындағы жекелей сында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, ал жұптық сында Анна Данилина өнер көрсетеді.

АҚШ ашық чемпионатының іріктеу кезеңі 22-27 тамыз аралығында өтеді. Іріктеу кезеңінің бірінші айналымында жеңіске жеткен теннисшілерге 22 мың АҚШ доллары, екіншісінде ұтқандарға 34,5 мың, ал финалды еңсергендерге 45 мың АҚШ доллары беріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: