Тимофей Скатов US Open іріктеу кезеңінің екінші айналымында жеңіске жетті

Тимофей Скатов, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2023 00:31 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов US Open іріктеу кезеңінің екінші айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тимофей Скатов италиялық теннисші Рауль Бранкаччомен ойнады.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Скатов матч кезінде бір эйс орындап, бірде-бір қос қателік жасамады. Ал оның қарсыласы төрт қос қателікке жол берді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық тағы бір теннисші Михаил Кукушкин US Open турнирінің іріктеу кезеңінің екінші айналымында жеңіліп қалған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: