Тимофей Скатов Ролан Гаррос іріктеу сайыстарының финалына шықты

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2023 00:32 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысындағы екінші матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 119-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненмен ойнады.

Бірінші партияда қарсыласы Виртанен 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте қазақстандық теннисші 6:2 есебімен жеңді. Үшінші, шешуші партияда Скатов 7:5 есебімен ұтып кетті.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші іріктеу сынындағы алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған канадалық Габриэль Диалломен өткізіп, жеңген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: