US Open: Тимофей Скатов Бейбіт Жұқаевты жеңіп, іріктеу сайысының финалына шықты

Тимофей Скатов, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2024 17:08 Сурет: ktf.kz
Әлемнің 190-ракеткасы, 23 жастағы Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионаты іріктеу сайыстарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисшінің іріктеу сайыстарының жартылай финалында отандасы, әлемнің 218-ракеткасы Бейбіт Жұқаевпен ойнауына тура келді.

Матчты Бейбіт сәтті бастады – 6:3. Екінші сетте тай-брейкте таразы басы Скатовқа ауды – 7:6 (7:5). Үшінші, шешуші партияда Тимофей күш алып кетті – 6:1.

Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 104-ракеткасы, ұлыбританиялық, 29 жастағы Билли Харриспен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, АҚШ ашық чемпионатына жолдама алады. 

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 207-сатыдағы Денис Евсеев іріктеу сайысында екінші кездесуінде әлемнің 130-ракеткасы, нидерландылық Йеспер де Йонгтан жеңіліп қалды – 3:6, 2:6.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: