Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды

Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2024 17:24 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисші, әлемнің 190-ракеткасы Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 104-ракеткасы, ұлыбританиялық Билли Харриспен негізгі доданың жолдамасын сарапқа салды.

Бірінші партияда Харрис 6:4 есебімен басым болған.

Есесіне екіншісінде Скатов азулы қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0.

Үшінші, шешуші сетте Тимофей матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:3.

Осылайша, Скатов US Open турнирінің негізгі айналымында бақ сынайды.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: