Михаил Кукушкин Алматыда негізгі жарысқа жолдама алды

Михаил Кукушкин, Алматы, ATP 250 турнирі , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2024 09:05 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық, әлемнің 111-ракеткасы Михаил Кукушкин Алматы ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 198-орында тұрған ресейлік Алибек Качмазовтың меселін қайырды.

Бірінші партияда Кукушкин 5:0 есебімен алға кетіп, қарсыласына бір гейм ғана берді – 6:1. Екінші сетте есеп 2:2 болғаннан кейін Михаил қарқынын үдетті – 6:2.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

Осылайша, Михаил Кукушкин негізгі жарысқа жолдама алды.

Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.

Серіктестік материал

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: