Тимофей Скатов "Ролан Гаррос-2023" турнирін жеңіспен бастады

Тимофей Скатов, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2023 01:59 Сурет: instagram/skatov_timofey
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (әлемнің 147-ракеткасы) Франция ашық чемпионатының ("Ролан Гаррос") іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші канадалық Габриэль Диалломен (әлемнің 146-ракеткасы) ойнап, оны екі сетте 6:4, 7:6 жалпы есебімен жеңді. Матч 1 сағат 52 минутқа созылды.

Ойын кезінде Тимофей Скатов бірде-бір эйс жасаған жоқ және 3 қос қате жіберді, сонымен қатар 9 ұпай мен 9 ойынды қатарынан жеңді.

22 жастағы Тимофей Скатов - әлемдік рейтингідегі Александр Бубликтен (АТР бойынша 48-орын) кейінгі Қазақстанның екінші ракеткасы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: