"Қайрат" "Реал Мадридке" қарсы матч билеттеріне қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz
"Қайрат" футбол клубы алдағы УЕФА Чемпиондар лигасы ойындарына билет сату жөнінде ресми мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клубта әлеуметтік желілерде тараған "Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынына билет сату немесе брондау туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

"Билетке қатысты жалғыз ресми дереккөздер — клубтың ресми сайты мен "Қайрат" ФК-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары", - делінген мәлімдемеде.

Клуб өкілдері қазіргі таңда билеттің сатылымға шығу күні мен бағасы бекітілмеген ескертті.

Қазақстандықтарға бейресми хабарламаларға сенбеуді және билеттерді ресми емес арналар арқылы сатып алмауды қатаң ескертеді.

Еске салайық, 28 тамыз күні Монакода УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне арналған ресми жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде Қазақстанның чемпионы "Қайрат" алдағы қарсыластарын білді.

Алматылық клубтың сегіз қарсыласының ішінде ең бастысы – әлемдегі ең титулды команда мадридтік "Реал". Корольдік клуб Алматыға қонаққа келеді.

Екінші мықты қарсылас – 2025 жылғы Чемпиондар лигасының финалисі миландық "Интер". Итальяндықтармен кездесу сырт алаңда өтеді.

Сонымен қатар "Қайраттың" қарсыластары: "Арсенал" (Англия) – матч Лондонда, "Брюгге" (Бельгия) – Алматыда, "Спортинг" (Португалия) – қонақта, "Олимпиакос" (Грекия) – Алматыда, "Пафос" (Кипр) – Алматыда, "Копенгаген" (Дания) – Данияда.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты