УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі: "Қайраттың" қарсыластары кімдер
Сурет: Zakon.kz
Алматылық клубтың сегіз қарсыласының ішінде ең бастысы – әлемдегі ең титулды команда мадридтік "Реал". Корольдік клуб Алматыға қонаққа келеді.
Екінші мықты қарсылас – 2025 жылғы Чемпиондар лигасының финалисі миландық "Интер". Итальяндықтармен кездесу сырт алаңда өтеді.
Сонымен қатар "Қайраттың" қарсыластары: "Арсенал" (Англия) – матч Лондонда, "Брюгге" (Бельгия) – Алматыда, "Спортинг" (Португалия) – қонақта, "Олимпиакос" (Грекия) – Алматыда, "Пафос" (Кипр) – Алматыда, "Копенгаген" (Дания) – Данияда.
Ойындардың нақты күндері мен мерзімі кейінірек анықталады.
Жалпы кезең 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы қаңтарға дейін өтеді. Плей-офф кезеңі 2026 жылғы ақпаннан мамырға дейін жалғасады.
УЕФА Чемпиондар лигасының финалы 30 мамырда Будапештте өтеді.