"Интер" құрамасы мен "Реал" жанкүйерлері қайраттықтар жайлы не дейді

"Интер" құрамасы желіде қайраттықтарды "кекете" жазса, "Реал" жанкүйерлері Алматыға жолды ауырсынып отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 14:14 Сурет: Zakon.kz
Монакода Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне арналған ресми жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде, "Қайраттың" әлемдік арена жұлдыздарымен - мадридтік "Реал" мен миландық "Интермен" бақ сынасатыны белгілі болды. Дегенмен, құрамалар қайраттықтармен кездесетініне құлшыныс таныта қоймады.

Мәселен, "Интер" құрамасы ресми X (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасында "Қайрат" жөнінде әзіл-ысқақ бағыттағы жазба қалдырған. 

Онда итальян командасының қайраттықтармен ойнауға мәжбүр болғанына наразы иттің фотосуреттерімен коллаж жарияланды. Суреттің бірінші бөлігінде ойынға ренжіген ит бейнеленсе, келесі бөлікте матч өз алаңында өтетінін естіген оның күлімсіреген жүзі көрсетілген.

Сондай-ақ, "Сегіз сағаттық жол үнемделді", – деп жазылған суреттің астындағы жазбада.

Бұл ретте, "Реал" құрамасының жанкүйерлері Алматыға дейінгі жол жұлдызды футболшылар үшін ауыр болады деп болжауда.

Желідегі Onefootball парақшасының бағалауы бойынша, реалдықтарға Алматыдағы Орталық стадионда "Қайратпен" кездесу үшін 6420 км жол жүріп келуге тура келеді.

"Бұл Хаби Алонсо мен оның командасын маусымның қаурыт кезеңінде шаршатады", – деп жазуда құрама жанкүйерлері.

Сурет: Facebook/RealMadrid

Мадридтен, Мюнхеннен немесе Лондоннан Қазақстанға ұшу сегіз сағаттан аса уақыт алуы мүмкін, сонымен қатар уақыт белдеулерінің айырмашылығы мен тұрақсыз ауа райы да әсер етеді.

"Сондықтан, жеребеде "Қайрат" пайда болғанда, бұл барлық ірі ойыншылар мүмкіндігінше қашуға тырысқан "құрама" болды",- деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Сонымен қатар "Қайраттың" өзге де қарсыластары: "Арсенал" (Англия) – матч Лондонда, "Брюгге" (Бельгия) – Алматыда, "Спортинг" (Португалия) – қонақта, "Олимпиакос" (Грекия) – Алматыда, "Пафос" (Кипр) – Алматыда, "Копенгаген" (Дания) – Данияда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: