"Қайрат" капитаны "Реалмен" арадағы матч алдында тісінен қағылды

Сурет: Instagram/f.c.kairat
5 қыркүйекте Беларусь құрамасының қорғаушысы және Алматының "Қайрат" командасының капитаны Александр Мартынович тісінен қағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған оқыс жағдай Беларусь пен Грекия құрамалары арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары барысында болды, деп хабарлайды Euroradio.fm.

Білегіне капитан шүберегін тағып шыққан Мартынович 54-минутта қарсыласынан шынтақпен соққы алып, ойынды ары қарай жалғастыра алмады. Соққы салдарынан футболшының тісі сынғаны белгілі болды.

Беларусь жаңа іріктеу циклін сәтсіз бастады: олар гректергден 1:5 есебімен ұтылды. 38 жастағы Мартынович ұлттық құрама тарихындағы ең тәжірибелі ойыншылардың бірі саналады. Бұл жолы алаңға шыққан ең егде ойыншылар арасында ол Александр Глебті артқа қалдырды, алайда Александр Кульчиден (40 жасында ойнаған) кейін тұр.

Бұл кездесуде Қазақстан премьер-лигасының өкілдері көп болды: "Ақтөбеден" Никита Корзун мен "Астанадан" Макс Эбонг толық матч өткізсе, "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Валерий Громыко 67 минут ойнады. "Жеңіс" қақпашысы Сергей Игнатович қосалқы құрамда қалды.

Қазақстан Премьер-лигасының 23-тур ойындары 13-14 қыркүйекке жоспарланған. Ал 19 қыркүйек түні "Кайрат" Чемпиондар лигасының топтық кезеңін Португалияда "Спортингпен" бастайды.

Қазақстан
Беларусь
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!