Хабиб Нурмагомедов әріптестерінің алдағы реванш жекпе-жегіне болжам жасады

Сурет: Instagram/khabib_nurmagomedov
UFC залының мүшесі, ресейлік Хабиб Нурмагомедов PFL ұйымындағы Усман Нурмагомедов пен ирландиялық Пол Хьюз арасындағы алдағы титулдық реванш туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz дерегі бойынша, Усман Нурмагомедов пен Пол Хьюз жеңіл салмақтағы PFL титулы үшін реванш жекпе-жегін 3 қазан күні Дубайда (БАӘ) өткізеді.

"Бұл ауқымды реванш болады деп ойлаймын. Себебі алғашқы жекпе-жек өте тартысты өтті. Пол Хьюздің әрекеттері Усманға оңай тиген жоқ. Бұл жігіт – нағыз жыртқыш. Оған қарсы дайын болу керек: егер сен оны ерте тоқтатпасаң, ол алға жылжи береді. Алғашқы жекпе-жекке дейін-ақ мен Полдың мықты екенін білгенмін. Ол – нағыз мықты жігіт, лайықты қарсылас", – деді Хабиб.

2025 жылдың қаңтар айында Усман Нурмагомедов Хьюзді төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Бұған дейін Виктория Графеева бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазғанбыз.

Нурмагомедов Хабиб

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі