Виктория Графеева бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Виктория Графеева бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2025 21:17 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті.

ҚР ҰОК мәліметінше, Виктория бұл кезеңде бразилиялық Ребека Де Лима Сантоспен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша бразилиялық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Виктория Графеева (60 келіге дейін) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.

Бұған дейін алты қазақстандық боксшы 12 қыркүйекте жүлделер үшін жұдырықтасатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: