Виктория Графеева Ұлыбританияда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Виктория Графеева, Ұлыбритания, бокс, әлем чемпионаты, ширек финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 19:21 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Виктория 1/8 финалда ағылшын боксшысы Люси Кингс-Уитлимен кездесті. Нәтижесінде Виктория Графеева еш қиындықсыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Виктория Графеева (60 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін сынға түседі.

Бұған дейін Алуа Балқыбекова да келесі кезеңге өткені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: