Бокстан ӘЧ-2025: Алуа Балқыбекова келесі кезеңге өтті

Алуа Балқыбекова, бокс, Ұлыбритания, әлем чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 17:23 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрымды боксшымыз 51 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Мун Каенмен қолғап түйістірді, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Алуа бірінші раундтан-ақ қарсыласын қыспаққа алды. Екінші үшминуттықта да отандасымыз басым болды. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңді.

Енді Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.

Айта кетсек, Сағындық Тоғамбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: