Бокстан ӘЧ-2025: Алуа Балқыбекова да жартылай финалға жолдама алды

Алуа Балқыбекова, бокс, әлем чемпионаты, жартылай финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2025 22:34 Сурет: ҚР ҰОК
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапында өнер көрсетуші Алуа Балқыбекова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз 1/4 финалда И-Сюань Гуомен (Тайбэй) жұдырықтасты. Алуа Балқыбекова алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Осылайша, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) жартылай финалда өнер көрсетіп, енді күміс медальға таласатын болады.

Бұған дейін Виктория Графеева мен Елдана Тәліпованың Ұлыбританияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өткені хабарланған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: