Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатының финалына өтті

Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатының финалына өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2025 23:34 Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан құрамасының спортшысы Алуа Балқыбекова (50 келіге дейін) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы Солтүстік Корея құрамасының атынан сынға түскен Ан Кум Бёлге қарсы кездесуді сенімді өткізді.

Балқыбекова шаршы алаңда шебер өнер көрсетіп, жақсы қорғана білді. Сонымен қатар оның шабуылдары дәлдігімен ерекшеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай (48 келі) мен Виктория Графеева (60 келі) да финалға жолдама алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: