Алуа Балқыбекова тұңғыш рет бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті

Алуа Балқыбекова тұңғыш рет бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2025 21:37 Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшысы Алуа Балқыбекова (50 келі) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық финалда қытайлық Ху Мэиймен кездесті. Жақсы қорғана білген Алуа, шабуылда да дәлдігімен көзге түсті. Нәтижесінде 5:0 есебімен басым түсті.

Осылайша ол Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальді салды.

Бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай жеңіске жеткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: