Бірқатар олигархтар қазақстандық футбол клубтарын сатып алуды жоспарлап отыр

Фото: Zakon.kz
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында отандық футболды дамытуға бірқатар қазақстандық олигархтардың қызығушылық танытып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Үкімет басшысы футбол клубтарын жекешелендіру жөніндегі жұмысты Туризм және спорт министрлігі жүргізіп жатқанын еске салды.

"Мемлекет басшысының елдегі барлық футбол клубтарын жедел жекешелендіру туралы тапсырмасына сәйкес, қазіргі уақытта Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясымен және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен бірлесіп, өңірлік және ұлттық деңгейде футбол клубтарын коммерцияландыру бойынша әлеуетті инвесторлармен жұмыс жүргізіп жатыр", — деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр ұсынған ақпаратқа сәйкес, келесі инвесторлар қызығушылық білдірген:

"Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы" АҚ (Сергей Кан) – "Қызыл-Жар" футбол клубын сатып алу мүмкіндігін қарастыруда;

Бұдан бөлек, "Тараз", "Елімай" және "Ертіс" клубтарына да бірқатар инвесторлар тарапынан қызығушылық байқалған.

"Мемлекет басшысының футбол клубтарын жекешелендіру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2021–2025 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары жаңартылуда. Қазіргі таңда жобалық қаулы мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында", — деп толықтырды премьер-министр.

Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың наурыз айында жеті қазақстандық футбол клубының сатылымға шығарылатыны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты