370-тен астам боксшы қатысқан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

Сурет: ҚР ҰОК
Бокстан Семейдегі Қазақстан чемпионаты аяқталды. Чемпионат қорытындысы бойынша ел үздіктері анықталып, 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылы өткен ел біріншілігіне әр өңірден 371 боксшы жиналды. Айта кетерлігі, Ливерпульде (Ұлыбритания) өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері бұл жарысқа қатыспады.

Сонымен қатар Қазақстан чемпионаты World Boxing ұйымы бекіткен жаңа салмақ дәрежелері бойынша өтті.

Сурет: ҚР ҰОК

Әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионатының нәтижесі

Жалпыкомандалық есепте Түркістан облысы көш бастаса, Алматы қаласы ІІ-орын, Шымкент қаласы ІІІ-орын алды.

Бұған дейін Қазақстан таеквондодан (WT) 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу орны ретінде ресми түрде таңдалғанын, бұл шешім Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) жиынында қабылданғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды