Таеквондодан 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтетін болды

Таеквондо, 2027 жылғы әлем чемпионаты, Қазақстан , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 19:57 Сурет: olympic.kz
Қазақстан таеквондодан (WT) 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу орны ретінде ресми түрде таңдалды. Бұл шешім Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) жиынында қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан таеквондо федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дүниежүзілік федерацияға мүше елдердің өкілдері бірауыздан Қазақстанның кандидатурасын қолдады. Олар Астанада өткен халықаралық турнирлердің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ерекше атап өтті.

Алдағы әлем чемпионаты Қазақстанда және Орталық Азияда алғаш рет өтпек. Федерация турнирді Астанада ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда Уси қаласына әлемнің 179 елінен 991 таеквондошысы 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысуға жиналуда. 24-30 қазан аралығында өтетін әлем біріншілігінде ел намысын 16 таеквондошы қорғайды.

Айта кетсек, 29-31 қазан аралығында Астанада тректегі велоспорттан Astana Open Series I & II (CL2) халықаралық турнирі өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: