Таеквондошы Айдана Құмартаева әлем чемпионатында қола медаль еншіледі

Таеквондо, Айдана Құмартаева, әлем чемпионаты, қола медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2025 17:11 Сурет: Қазақстанның таеквондо федерациясы
Таеквондодан Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айдана Құмартаева жарыстың қола жүлдегері атанды. Ол 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үштікке енді, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Жартылай финалда Айдана түрік спортшысы Эмине Гёгебаканмен кездесіп, бұл кездесуде қарсыласына есе жіберді. Осылайша Құмартаева әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Нодира Ахмедова да қола медаль иеленген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: