Қазақстандық жеңіл атлеттер жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына шықты

Фото: zakon.kz
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бес өкілі Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маргарита Косинова мен Афина Чолакиди 400 метрге кедергілер арқылы жүгірудің іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Сондай-ақ қазақстандық спортшылар 800 метрлік қашықтықта да финалға шықты.

Дмитрий Спаский өз жарысын жеңіспен аяқтап, енді 2025 жылғы жасөспірімдер Азиадасының медалі үшін бақ сынайды.

Ал қыздар арасында финалға Жалила Қанат пен Диана Салмина іріктеуден өтті.

Бұған дейін таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтынды салғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды