Таеквондошы Айым Серікбаева жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль иеленді

Алтын медаль, таеквондо, Айым Серікбаева, жасөспірімдер Азиадасы, Бахрейн, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2025 19:25 Сурет: ҚР ҰОК
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтынды салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 44 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі алтын медаль бар. Бұған дейін алғашқы алтын медальді велошабандоздар аралас эстафетада жеңіп алған болатын.

Айта кетсек, бүгіндері Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңі басталды. Бұл жарысқа Қазақстан атынан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров қатысуда. Бүгінгі жарыста төрешілер Шайдоровты таң қалдырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: