Мәнерлер сырғанаудан Қытай Гран-приіне қазылық етуші төрешілер Шайдоровты таң қалдырды

Михаил Шайдоров, мәнерлеп сырғанау, Қытай, Гран при, қысқа бағдарлама, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2025 18:24 Сурет: Instagram/mikhail_shaidorov
Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңі басталды. Бұл жарысқа Қазақстан атынан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров қатысуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы жарыста медальдан үмітті болады-ау деген негізгі топта Шайдоров соңғысы болып мұз айдынға шықты. Өкінішке қарай, қысқа бағдарламаны қатесіз орындап шыққан Шайдоров небәрі 88.33 ұпай жинап, аралық нәтижеде үшінші орынға жайғасты. Бұл жайт спортшының ғана емес, жанкүйерлер мен отандық жаттықтырушылар штабының да таңданысын туғызды.

Жарыс кестесінде жапониялық Шун Сато (94.13 ұпай) көш бастап тұрса, ал екінші орында италиялық Даниэль Грааль (90.42 ұпай) келеді.

Еркін бағдарлама 25 қазанда өтеді.

Бұған дейін "Қайрат" – "Астана" матчына неге Италияның төрешілері қазылық ететінін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: