Түрік футболындағы дау-дамай: 17 төреші мен екі клубтың басшылары қамауға алынды

Сурет: pixabay
Өзара келісілген ойындар мен бәс тігудегі заңсыздық ісін тергеу барысында түрік прокуратурасы 21 адамды, оның ішінде 17 төреші мен футбол клубтарының екі президентін қамауға алуға ордер берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mirror мәліметтері бойынша, түрік футбол федерациясы (TFF) ішкі тергеу шараларын жүргізіп, елдегі қазіргі футбол төрешілерінің 65%-ының букмекерлік кеңселермен байланысы барын анықтады. Осы тізімнің төрттен бір бөлігі, яғни 152 төреші спортқа белсенді түрде бәс тігумен айланысқан.

Тергеу нәтижелері бойынша 149 төреші 8 айдан 12 айға дейінгі мерзімге жұмыстан шеттетілді. Олардың бірі 18 227 рет бәс тіккені дәлелденді, ал 42 қазының (рефери) әрқайсысы кем дегенде 1000 футбол матчына бәс тіккен.

Бүгінгі таңда 17 төреші мен екі футбол клубының президенттері қамауға алынды. Төрешілердің бірі шетелде, екіншісіне іздеу жарияланды. Тергеу мүддесіе сай олардың аты-жөні жария етілмеген.

FIFA және UEFA ережелеріне сәйкес, футбол төрешілеріне кез-келген спорт түріне бәс тігуге тыйым салынады.

 

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда магистратураға түсуге өтініш қабылдау мерзімдері жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

25 тамыздан бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырудың жаңа негіздері күшіне енеді