Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз әйелдер күресінен үшінші орынға ие болды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Зейнеп 53 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өткен белдесуде Тәжікстан спортшысы Ватансултон Шакаршоованы 14:3 есебімен жеңді.

Бұған дейін Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсеткелі жатқанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты