Нұрбек Мұрсал бокстан Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Нұрбек Мұрсал Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Боксшы 70 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Нұрбек шешуші жекпе-жекте үндістандық Хитешпен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша үндістандық спортшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Мұрсал Әлем кубогын күміс медальмен аяқтады.

Бұған дейін семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз