World Boxing: Геннадий Головкин әлемдік бокстың басты мекемесін басқаратын болды

Сурет: olympic.kz
Халықаралық бокс федерациясы - World Boxing алдағы Конгрессте өтетін сайлауға жіберілген үміткерлердің соңғы тізімін жариялады. Дауыс беру 2025 жылдың 23 қарашасында Рим қаласында өтетін Конгресс отырысы барысында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы орган 2025 жылдың қазан айында түскен барлық өтінішті қарап, комиссия оң қорытынды берген үміткерлерді сайлауға қатысуға рұқсат етті.

Президент лауазымына жалғыз үміткер - Геннадий Головкин. World Boxing Жарғысына сәйкес, егер басшылық қызметке бір ғана үміткер ұсынылса, Конгресс оны баламасыз негізде, яғни бірауыздан мақұлдайды.

Президент сайлауынан бөлек, күн тәртібіне вице-президент пен Атқарушы комитеттің екі мүшесін сайлау енгізілген. Төменде бекітілген үміткерлердің тізімі берілген.

Вице-президент лауазымына үміткерлер:

Атқарушы комитетке үміткерлер:

Конгресс - World Boxing ұйымының жоғары басқару органы. Римдегі отырысқа вице-президент Дина Гликидис төрағалық етеді. Сайлау процесін тәуелсіз құрылым қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бақылаушылар қатысып, барлық рәсімнің ашықтығы мен регламенттің сақталуын қадағалайды.

Бұған дейін джиу-джитсу шебері Жігер Алматай Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанған болатын.

Қазақстан
Қазақстан таланттары
Головкин Геннадий

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы