Ислам ынтымақтастығы ойындары: Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық джиу-джитсу шебері Жігер Алматай Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жігер Алматай 77 келіге дейінгі салмақта топ жарды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Финалда спортшымыз БАӘ құрамасының өкілі Махди Алавлакиді жеңді.
Айта кетейік, бүгін, 21 қарашада Жібек Құлымбетова екінші орын алса, Мансұр Хабибулла үшінші орынға ие болды.
Бұған дейін қазақстандық джиу-джитсу шебері Алдияр Серік Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль жеңіп алғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript