Ислам ойындары: Қазақстан қоржынында - тағы үш күміс медаль

Жібек Құлымбетова, джиу-джитсу, Ислам ынтымақтастығы ойындары, күміс медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2025 19:24 Сурет: ҚР ҰОК
Ислам ынтымақтастығы ойындарында бүгін, 21 қарашада Қазақстан құрамасының қоржыны тағы үш күміс медальмен толықты. Қазақстан спортшылары джиу-джитсудан, гандболдан және еркін күрестен ерекшелене білді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрымды балуан Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші орын алды. Отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ол финалда Асма Альхосанимен (БАӘ) кездесті. Шешуші жекпе-жектің қорытындысы бойынша БАӘ өкілі жеңіске жетсе, Жібек жарысты екінші орынмен аяқтады.

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) гандболдан әйелдер арасында финалдық бәсеке өтті.

Гандбол, әйелдер, Қазақстан құрамасы, күміс медаль, Сауд Арабиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2025 19:24

Сурет: ҚР ҰОК

Шешуші матчта Қазақстан Түркия құрамасына 34:31 есебімен жол беріп алды. Осылайша Қазақстан құрамасы Ислам ынтымақтастығы ойындарын күміс медальмен аяқтады.

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күмістен алқа тақты. Жерлесіміз 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ризабек Айтмұхан, еркін күрес, Сауд Арабиясы, Ислам ынтымақтастығы ойындары, күміс медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2025 19:24

Сурет: ҚР ҰОК

Ризабек ақтық сында ирандық Амир Али Азарпирамен күресті. Тартысқа толы белдесуде Иран спортшысы 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Бұған дейін джиу-джитсу шебері Жігер Алматай Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: